Түркия Суперлигасының 11-турында елдің қазіргі чемпионы «Галатасарай» өз алаңында маусым басындағы басты сенсацияға айналған «Амедспорды» қабылдайды.

Ыстамбұлдық клуб турнирлік кестеде бірінші орында келеді. «Галатасарай» соңғы рет 14 қазанда Чемпиондар лигасында «Барселонадан» жеңілген болатын. Ал Түркия чемпионатында команда 19 қыркүйектен бері жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ.

«Амедспор» — Суперлиганың жаңа қатысушысы. Соған қарамастан, команда алғашқы 10 турда небәрі бір рет жеңіліп, қазіргі уақытта турнирлік кестеде сенімді түрде екінші орында тұр.

Матч Астана уақытымен сағат 21:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.