Футболдан Қазақстан кубогының финалында шымкенттік «Ордабасы» мен қызылордалық «Қайсар» кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Шешуші матч «Ордабасының» пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Шымкенттік клуб сапында Сұлтанбек Астанов, Бьорн Йонсен, Давид Абагна және Эльхан Астанов гол соқты. Ал «Қайсар» құрамындағы жалғыз голдың авторы Агостиньо атанды.
Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» 2026 жылғы маусымда Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын жеңіп алып, «алтын дубльге» қол жеткізді.
