Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық балуандар екі күміс медаль алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Грек-рим күресінен Алпамыс Болатұлы (51 келі) финалда америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен жеңіліп, күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ Еркебұлан Анапия (80 келі) финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол беріп, екінші орынға жайғасты.

Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 есебімен әзербайжандық Амрах Амраховтан жеңіліп, жүлдеден тыс қалды.