Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Олимпиада ойындарының екі дүркін қатысушысы, Қазақстан құрамасының еркін күрестегі жетекшілерінің бірі Әлішер Ерғали Астанада өтетін Қазақстан кубогында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.

Әлішер Жамбыл облысының атынан 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Бұл Ерғали үшін жаңа салмақ емес — ол бұған дейін осы категорияда Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Алайда Олимпиадаға 97 келіге дейінгі салмақта жолдама алған болатын.

Турнир 24 мамырда басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.