16 қыркүйекте Загребте өтіп жатқан Әлем чемпионатында 50, 57, 65 және 76 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар жарысты бастайды.

Қазақстан құрамасы осы төрт салмақтың үшеуінде бақ сынайды. Бүгін кілемге шығатын балуандарымыз: Светлана Анкичева (50 келі), Лаура Алмағамбетова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).

Светлана мен Эльмира жарысты 1/8 финалдан бастайды. Ал Лаура Алмағамбетоваға финляндиялық Йена Кристина Хемайемен іріктеу белдесуін өткізу керек.

Іріктеу белдесулері мен жартылай финалға дейінгі барлық кезеңдер таңғы сессияда өтеді. Ол Астана уақыты бойынша сағат 13:30-да басталады.

Әлем чемпионатын тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.