Қазақстандық танымал ММА файтері, PFL, «Alash Pride» және ACA ұйымдарының бұрынғы спортшысы Арман Оспанов Шымкент қаласының Күрес федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.
Арман Оспанов кәсіби ММА мансабымен қатар, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, бразилиялық джиу-джитсудан Азияның екі дүркін чемпионы атанған.
