Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты. Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.