Футболдан Испания кубогы біртіндеп қарқын алып келеді. Турнирдің алғашқы кезеңінде Ла Лига клубтары мен елдің төменгі дивизиондарында өнер көрсететін командалар өзара күш сынасады.

Sport+ арнасында Испания кубогының екі кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі:

«Навалькарнеро» — «Бетис»
«Тавернес-де-Вальдигна» — «Валенсия»

Қос кездесу де 28 қазаннан 29 қазанға қараған түні Астана уақытымен сағат 01:00–де басталады.

Матчтардың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.