Алматылық «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасындағы өнерін бастайды.

Қазақстандық клуб топтық кезеңде Бельгияның «Андерлехт» және Израильдің «Бейтар» командаларымен бір топқа түсті. Турнир Бельгияда өтеді.

«Қайраттың» алғашқы кездесуі 28 қазаннан 29 қазанға қараған түні, Астана уақытымен сағат 00:20–да басталады.

Алматылық клубтың алғашқы қарсыласы Израильдің «Бейтар» командасы болмақ.

Кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.