Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл біріншілікте Қазақстан командасы қос қола медаль иеленді: Талғат Орынбасар (60 келі) және Азат Күмісбай (81 келі).

Жалпыкомандалық есептегі көрсеткіш - 15 орын. Қоржынында алты алтын, бес күміс және бір қола медаль бар Жапония құрамасы көш бастап тұр.