Дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында командалық жарыстарда тарихи қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Әлем чемпионатының жұбаныш финалында Қазақстан құрамасы Италия құрамасын 3:1 есебімен жеңді.
Ташкенттегі әлем біріншілігінде жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан В тобында болды, бірінші раундта команда Францияны 4:1 есебімен сенімді жеңді, бірақ екінші раундта Оңтүстік Кореядан 2:3 есебімен жеңілді. Оңтүстік кореялықтар финалға шыққандықтан, Қазақстан жұбаныш кездесуінде қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.
Испания мен Алжирді құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, біздің команда Италиямен үшінші орын үшін шешуші жекпе-жекке шықты.
