Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының жылдың соңғы Grand Slam кезеңіне арналған нақты құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл беделді турнир 7-8 желтоқсан күндері Токиода өтеді.

Команданың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов келесі спортшыларды таңдады:

60 келі: Дәурен Сүйікенов

60 келі: Шерзод Давлатов

73 келі: Бахытжан Абдурахманов

81 келі: Жалғас Қайролла

90 келі: Мейірлан Максим

100 келі: Әділет Сапарғалиев

Айта кетейік, бастапқы тізімде Жанарыс Рахметқали (-66 келі) мен Нұрлыхан Шархан (-100 келі) да болған еді.