Құрамында 13 спортшы бар дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. 11-13 қазан күндеріне жоспарланған әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысады.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, әйелдер командасы:
Абиба Абужақынова (-48 кг)
Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)
Карина Такиева (+78 кг)

Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Дәурен Сүйеукенов (-60 кг)
Әділбек Берікұлы (-66 кг)
Дархан Қойбағар (-73 кг)
Ермек Амангелді (-73 кг)
Жалғас Қайролла (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Әділет Сапарғалиев (-100 кг)
Мәди Еділбаев (+100 кг)