Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Айша Алтай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 70 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айша ақтық сында өзбекстандық Шохиста Тураевамен белдесті.

Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.