Бүгін, 27 шілдеде, Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 жас санатында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас ширек финалда қырғызстандық Абдышукур Дурусалиевті жеңді. Енді отандасымыз ½ финалда армениялық Арарат Аветисянмен белдеседі.

Сондай-ақ Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Георгий Кеделидзені жеңді. Осылайша жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановпен күш сынасады.