Иорданияда күрес бойынша Азия чемпионатының алғашқы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.

Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде жарысты бастаған қазақстандық Ербол Камалиев қарсыласы, жарыс қожайыны Мустафа Султан Алкадені мерзімінен бұрын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.