Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ералы Әскербек Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақ балуаны 65 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз шешуші белдесуде қытайлық Чаншин Умен кездесті. Нәтижесінде Ералы Әскербек айқын басымдықпен жеңіске жетті.
