Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы U20 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жарыс Болгарияның Самоков қаласында өтеді.

Әлемдік біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды:

57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов

61 келіге дейін: Аллан Оралбек

65 келіге дейін: Ералы Жеңісов

70 келіге дейін: Сұңқар Сейдахмет

74 келіге дейін: Досжан Құл-Ғайып

79 келіге дейін: Ерхан Әбіл

86 келіге дейін: Қасымжомарт Әлин

92 келіге дейін: Камиль Куруглиев

97 келіге дейін: Самир Дурсунов

125 келіге дейін: Едіге Қасымбек

Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 17-24 тамыз аралығында өтеді.