Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар Лозаннада (Швейцария) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті.

Қазақстандық балуан ақтық сында өзбекстандық Арслонбек Тожиевтен басым түсті.

Осылайша Абылайхан Жұбаназар жарысты бірінші орынмен аяқтады.