Қазақстандық Мадхия Усманова әйелдер күресінен Афинада (Грекия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Усманова Үндістан атынан қатысқан Мониді 6:5 есебімен жеңді.

Ал 43 келіге дейінгі салмақта Инжу Баққожа үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілі Жанажол Қуанышбек те чемпион атанған болатын.