Ереванда (Армения) өтіп жатқан күрес түрлерінен CISM әскерилер арасындағы әлем чемпионатында Мейіржан Әшіров жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта күрескен Мейіржан бірінші кездесуде ресейлік Инал Кетиядан басым түсті. Есеп 1:1, соңғы әрекет бойынша жеңіс Әшіровтің еншісінде.  Келесі белдесуде моңғол О. Мергеншагайды 14:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда Иран балуанын 10:0 есебімен қапы қалдырып, ақтық сында үнді балуанын 6:2 есебімен жеңген Мейіржан әлем чемпионы атанды. 

Бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) грек-рим күресінен, Светлана Анкичева (50 келі) әйелдер күресінен қола жүлдегер атанды. 

Біріншілік 24 қарашаға дейін жалғасады.