Еркін күрестен 57 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейрамбек Қартбай қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Мерйамбек кіші финалда қытайлық балуанды 7:2 есебімен жеңген.
Турнир барысында отандасымыз Өзбекстан балуанынан басым түсіп, жартылай финалда жапондық спортшыдан жеңілген еді.
Айта кетелік, Ақтөбе күрес мектебінің түлегі Мейрамбектің бұл – құрлықтық біріншіліктегі алғашқы жүлдесі.
