Екатеринбург қаласында өтетін RCC Hard турнирінің жекпе-жектер тізіміне қазақстандық Михаил Коханчиктің кездесуі қосылды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық спортшы бұған дейін RCC лигасының жалаң жұдырық жекпе-жектеріндегі үздік қарсыластарынан бірнеше мәрте жеңіліс тапқан. Енді ол осы сәтсіздіктердің орнын толтырып, мансабын қайта жандандыруды көздейді.

Дегенмен Коханчиктің еншісінде Барс пен Мазурға қарсы өткен тартысты кездесулер, Дмитрий Савинмен болған қиян-кескі айқас және Лери Амировты әсерлі нокаутпен жеңген жекпе-жек бар.

Михаилдың келесі қарсыласы Шохиджон Толибов болмақ. Олардың жекпе-жегі 21 қарашада өтеді.