Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов ACA лигасындағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу желтоқсан айында Бішкекте өтетін турнир аясында ұйымдастырылады.
Ахметов ONE Championship лигасының бұрынғы чемпионы жеңіліс көрмеген Руслан Қасым уулумен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек қырғызстандық спортшының ресейлік ACA лигасындағы алғашқы кездесуі болмақ.
Айта кетейік, Руслан Қасым уулу бұған дейін OCTAGON лигасының чемпионы атанған.
