Павлодарда өткен NAIZA турнирінде аса жеңіл салмақта жаңа чемпион анықталды.

Лиганың осы салмақтағы чемпионы Жума Давлатмамадов чемпиондық белбеуін Сайран Сағындықовқа қарсы жекпе-жекте қорғап қала алмады. Бес раундқа созылған тартысты айқас үміткер Сайран Сағындықовтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Сағындықов NAIZA лигасының жаңа чемпионы атанды.