Қазақстандық ММА файтері Диас Еренғайыпов Sport+ сайтына берген сұхбатында алдағы мақсаттары туралы айтып берді.
«Менің Brave лигасымен қолданыстағы келісімшартым бар. Басты мақсатым — осы ұйымның чемпиондық белбеуін жеңіп алу. Brave лигасының чемпиондық белбеуін Қазақстанға алып келген алғашқы спортшы болғым келеді. Одан кейін UFC ұйымына ауысу туралы ойлануға болады. Brave-пен бес жекпе-жекке арналған эксклюзивті келісімшартқа қол қойғанмын. Оның төртеуін өткізіп үлгердім», — деді Диас Еренғайыпов.
Диас 1 қарашада Павлодар қаласында өтетін NAIZA турнирінде өнер көрсетеді.
Турнирді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
