ACA лигасы өз тарихында алғаш рет Тәжікстанның Душанбе қаласында турнир өткізеді.

Кештің басты жекпе-жегінде Тәжікстандағы ММА-ның басты жұлдызы Фариддун «Тәжік терминаторы» Одилов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Артем Фролов болмақ.

Сондай-ақ негізгі кард аясында қазақстандық Қуат Хамитов пен ресейлік Алексей Махно арасында көптен күткен жекпе-жек өтеді.

Бұдан бөлек, «Alash Pride» лигасының бұрынғы файтері Мұстафа Ашурзода ACA ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Турнирдің толық жекпе-жектер тізімі:

ACA 209 турнирінің барлық жекпе-жегін Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Тікелей трансляция сағат 16:00–де басталады.