Open FC және MFP лигалары Беларусь астанасы Минск қаласында бірлескен турнир өткізеді. Жарыс аясында әйелдер арасындағы салмақ дәрежелерінің бірінде чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген, қазіргі чемпион Алена Агешева өз атағын Ксения Румянцеваға қарсы жекпе-жекте қорғайды.
Ал кештің басты жекпе-жегінде Бахрейн құрамасы сапында әуесқой ММА-дан әлем чемпионы атанған Гаджи Гаджиев тәжірибелі ирандық Кейван Резаимен күш сынасады. Резаи бұған дейін ACA лигасында да өнер көрсеткен.
Турнир сағат 21:00–де басталады.
Жарыстың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.
