Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Almaty Arena аренасында өтіп жатқан Almaty Open ATP 250 халықаралық турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
19 қазанда өткен бірінші айналым матчында әлемдік ATP рейтингінде 389-орында тұрған 38 жастағы қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінен өткен әлемнің 133-ракеткасы, Грекия өкілі Стефанос Сакелларидиспен кездесті.
Тартысты өткен матчта Кукушкин екі сетте жеңіске жетті. Екі партияның да тағдыры тай-брейкте шешілді — 7:6 (7:4), 7:6 (7:3). Кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды.
Ойын барысында қазақстандық теннисші бір эйс жасап, бір қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ол бірінші доп беруден ұпайлардың 67 пайызын, ал екінші доп беруден 54 пайызын жеңіп алды. Қарсыласы тоғыз эйс жасап, үш қос қателікке жол берді.
Стефанос Сакелларидисті жеңген Михаил Кукушкин турнирдің екінші айналымына жолдама алып, Алматыдағы жарысын жалғастырады.
Almaty Open ATP 250 турнирі 17–25 қазан аралығында Алматыда өтеді. Бұл — Орталық Азия мен ТМД елдері аумағындағы осы санаттағы жалғыз турнир.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады
