Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, оның аясында қыздар арасындағы командалық жарыс аяқталды.

Финалда Қарағанды облысының спортшылары 3:0 есебімен Алматы құрамасын жеңіп, чемпион атанды.

Жеңімпаздар — Жанерке Көшқұмбаева, Зауреш Акашева және Альбина Жақсылықова.