Алматы облысында аяқталған ел чемпионатында UWW регламенті мен құқықтық-нормативтік актілерді бұзған жекелеген бапкерлер мен төрешілерге қатысты тәртіптік мәселелер қаралды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Түскен шағымдарды саралай келе мынадай шешімдер қабылданды:

Боранбек Қоңыратов (грек-рим күресі, Алматы облысы) 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттетілді;

Серік Әбдімәуленов те (еркін күрес, Қызылорда  облысы) 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттетілді;

Әйелдер күресінен Гүлжанат Қожағалиева (БҚО) мен Ғалым Мырзабаев (Алматы облысы) үш ай көлемінде республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан аластатылды;

Төрешілер корпусының Қостанай облысындағы өкілі Серік Құлмұхамбетов 2024 жылдың  31 желтоқсанына дейін республикалық жарыстарда төрелік ету құқығынан айырылды.