Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті.
Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.
Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.
Айта кетейік, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.
