Қазақстан құрамасы құрамында World Table Tennis халықаралық турнирлерінде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мықты әрі болашағынан зор спортшылар бар, деп хабарлайды Sport+.
Олар — «WTT Youth Contender Almaty 2026» халықаралық жасөспірімдер турнирінде ел намысын қорғайтын команданың бір бөлігі.
Ұлдар құрамында:
Құрманғалиев Алан — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы әлем чемпионатының аралас жұптағы жеңімпазы, жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2019 жылы Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) оны «Hopes Week & Challenge» әлемдік турнирінің үздік ойыншысы деп таныды.
Жұмағұл Абай — «WTT Youth Contender Panagyurishte», «WTT Youth Contender Almaty» және «WTT Youth Contender Batumi» турнирлерінің жеңімпазы.
Маркин Алексей — «WTT Youth Contender Tashkent» халықаралық турнирінің қола жүлдегері.
Ералхан Дулат — «WTT Youth Contender Almaty» халықаралық турнирінің күміс және қола жүлдегері.
Яковлев Олег — «WTT Youth Contender Berlin», «WTT Youth Contender Batumi» және «WTT Youth Contender Almaty» турнирлерінде үшінші орын иеленген.
Азаматұлы Нұрдәулет — «WTT Youth Contender Beirut» халықаралық жасөспірімдер турнирінің жүлдегері.
Қыздар құрамында:
Фу Дарья — спорт шебері, Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы ТОП-12 үздік спортшылар турнирінің чемпионы.
Лукьянова Мария — спорт шебері, «WTT Youth Contender Jezzine» және «WTT Youth Contender Batumi» турнирлерінің жеңімпазы.
Бекмұхамбетова Жания — Болгария, Испания, Словения, Словакия, Хорватия, Италия, Венгрия, Грузия және Мысырда өткен халықаралық WTT жасөспірімдер турнирлерінің жеңімпазы.
Әлжанова Әделя — «WTT Youth Contender Tashkent» турнирінің чемпионы.
Бұл — «WTT Youth Contender Almaty» халықаралық жасөспірімдер турнирінде ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының бір бөлігі ғана.
Еске салайық, Sport+ телеарнасы Алматыдан өтетін жарыстың тікелей эфирдегі көрсетілімін ұсынады.
