Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.
Шешуші белдесуде Стратан Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.
