Венгрияда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Аталған жарыста топ жарған Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған. Бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында. 

Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда.

Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингте бірінші орында келеді.