Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті.

Шешуші белдесуде ол жапониялық Нана Козукамен күш сынасты. Белдесудің қорытындысы бойынша жапониялық балуан 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Бекасыл Асамбек алтын медаль жеңіп алған болатын.