Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.

Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.