Албанияның Тирана қаласында халықаралық рейтингілік күрес турнирі басталды. Алғашқы күнінде қазақстандық еркін күрес шеберлері үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Күміс медальді ел қоржынына Болат Сақаев (86 кг) салды. Финалда ол америкалық Чендлер Марстеллерге жол берді.
Қола жүлдегерлер:
Мұхаммед Балғабай (61 кг)
Рустам Мырзағалиев (86 кг)
