Қазақстандық споршылар Екатерина Токарева мен Камилла Берлікаш Ташкентте (Өзбекстан) әскери қызметшілер арасында дзюдодан әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Үшінші орын үшін шешуші жекпе-жекте Токарева өзбекстандық қарсыласын жеңіп, кездесуді иппон ұпайымен аяқтады.
Ал Камила Берлікаш қола мелаль үшін жекпе-жекте Франция өкілімен кездесіп, небәрі алты секунд ішінде жеңіске жетті.
