Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен жеңді.

Осылайша қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.