Қазақстан құрамасының еркін күрес бойынша Азия чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды, деп хабарлайды Sport+.

Иорданияда өтетін жарыста Қазақстан намысын келесі балуандар қорғайды:

57 келі — Рахат Қалжан
61 келі — Балғанбай Мұхамед
65 келі — Нұрсұлтан Садық
70 келі — Начын Куулар
74 келі — Нұрқожа Қайпанов
79 келі — Дәулет Ергеш
86 келі — Болат Сақаев
92 келі — Азамат Дәулетбеков
97 келі — Ризабек Айтмұхан
125 келі — Нұрсұлтан Азов

Азия чемпионаты 25-30 наурыз аралығында өтеді.