Қазақстандық балуан Болат Сақаев Иорданияның Амман қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport+.

Спортшы 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.  

Финалда Сақаев ирандық Абольфазл Рахманимен белдесті.  

Кездесу қарсыласының 11:4 есебімен жеңісімен аяқталды.