«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы ойындар сериясының екінші бөлігін «Дракондарға» қарсы 4:2 есебімен жігерлі жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

Бірінші кезеңнің соңына қарай алаң иелері 2:0 есебімен алда болды. Алайда екінші кезеңде Тайс Томпсон дубль жасап, «Барысқа» есепті теңестіруге көмектесті.

Үшінші кезеңде астаналық команда қарсылас қақпасына тағы екі шайба соқты. Алдымен 20 жастағы Асанәлі Сәркенов мергендігімен көзге түссе, кейін Тайс Томпсон шайбаны бос қақпаға бағыттап, хет-трик авторы атанды.

Енді Михаил Кравец шәкірттері бірнеше күнге Астанаға оралып, содан кейін сырт алаңдағы ойындар сериясын қайта жалғастырады.

«Барыс» келесі кездесуін 4 қарашада «Тракторға» қарсы өткізеді.