Футболдан Түркия Суперлигасының 10-туры аясында «Трабзонспор» өз алаңында «Газиантепті» қабылдайды.
Фатих Текке қызметінен кетіп, бас бапкер ауысқаннан кейін «дауылдар» тамаша қарқын алды. Команда еурокубок матчтарын және «Галатасарайға» қарсы ірі жеңісті қоса есептегенде, қатарынан алты кездесуде жеңіске жетті.
Қазіргі таңда «Трабзонспор» турнирлік кестеде үшінші орында келеді. Команданы екінші орыннан небәрі бір ұпай бөліп тұр. Ал бұл орын келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік береді.
Ал «Газиантеп» турнирлік кестеде 14-орында орналасқан. Команда соңғы жеңісіне қыркүйек айының басында, яғни екі айға жуық уақыт бұрын қол жеткізген.
Кездесу сағат 18:00–де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.
