Қазақстан Премьер-лигасының соңғы, 30-туры аясында елордалық «Жеңіс» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» 2:1 есебімен жеңді.

Астаналық команда сапында Зураб Тевзадзе мен Исламбек Қуат гол соқты. Ал «Қайсардың» жалғыз голының авторы Әлияр Мұхаммад болды.

Осы жеңілістен кейін «Қайсар» маусым қорытындысы бойынша турнирлік кестенің соңғы сатысында қалды.

Осылайша, қызылордалық клуб спорттық қағида бойынша Премьер-лигадан шығып, келесі маусымды Бірінші лигада бастайды.