Футзалдан Қазақстан Суперлигасының турнирлік кестесінде көш бастап тұрған «Ақтөбе» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.
Маусымдағы алғашқы батыс дербиі 30 қазанда өтіп, «Ақтөбенің» 6:1 есебімен ірі жеңісімен аяқталды. Сол кездесуде Бақтияров, Камалов, Байзақов, Микуин, Кенжегәлі және Рауль гол соғып, командасының жеңісіне үлес қосты.
Қарымта кездесу 31 қазанда сағат 17:00–де басталады.
Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
