Қарағандыда Қазақстан Республикасының күрес бойынша чемпионаты жалғасуда, 23 жасқа дейінгі жас санатында медаль тағдырын «классиктер» шешуде.

Екінші жарыс күнінің басты жұлдыздарының бірі — жастар арасындағы әлем чемпионы Ислам Евлоев болмақ.

4 сәуір күні барлығы бес салмақ дәрежесінде — 60, 67, 77, 87 және 130 келі — медальдар сарапқа салынады.

Жарыс күнінің барлық белдесулерін sportplustv_qaz YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Ал финалдық белдесулер Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.