Албанияда өткен рейтингтік турнирдің финалында әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстандық Нурзат Нұртаеваны бірінші кезеңнің алғашқы жартысында мерзімінен бұрын 14:3 есебімен жеңді.
Бұл — Қазақстан құрамасының әйелдер күресіндегі турнирдегі үшінші алтыны. Бұған дейін Зейнеп Баянова (50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (55 кг) чемпион атанған болатын.
