Әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесінде Будапештегі беделді бәсекеде Жәмиля Бақбергенова бес белдесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Айналмалы жүйемен өткен бұл сында ол Ноими Шабадос (Венгрия) 5:0, Паулин Лекапрентие (Франция) 4:1, Фанни Наги над (Сербия) 6:0, Ирина Заблоцкаядан (Украина) 2:1 есебімен басым түсті.  

Ал, ақтық бәсекеде Ноими Шабадостан (Венгрия) 12:11 есебімен тағы да айласын асырды.

Дәл осы салмақта Гүлмарал Еркебаева қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Диана Каюмова 59 келіде күміс медаль иегері.