Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.